скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Департаменттің қызметі туралы

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің  2017 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметі туралы ақпарат

 

Мемлекеттік қызмет кадрларының мониторингі

 

Департаментпен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет көрсету салаларында, азаматтардың сенімін нығайтуда бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтің жаңа реформасын тәжірибелік жүзеге асыру шеңберінде астананың мемлекеттік органдарымен 606 (237) конкурс өткізілді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,6 есе көп. 725 бос орынға жарияланған конкурстар нәтижесі бойынша 1124 адам қатысқан, бір бос орынға деген үміткердің саны 1,6 адам. 429 адам жеңімпаз атанды немесе 60% бос орын толтырылды.

Егер а.ж. 1-ші тоқсанында барлығы 69 % бақылаушылар мен сарапшылар өткізілген конкурстарға қатысса, ал 2 тоқсанда Департамент жағынан бақылау олардың 100 % қатысуын қамтамасыз етті. Нәтижесінде, 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша 95,4 % конкурстар бақылаушылар (571 ден 543), сарапшылар (35 тен 35) және Департамент өкілдерінің (22) қатысуымен өтті.

Біздің Департаментте таза ауысымдылық көлемі 0%.

ЖАО кадрларының таза ауысымдылығын төмендету мақсатында, Астана қ. әкімі аппаратымен бірге шаралар қатары қолданылды, атап айтқанда: мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі басшыларымен жиналыстар өткізілді (05.04.2017 ж., 10.05.2017 ж., 17.05.2017 ж., 23.05.2017 ж.), сонымен қатар Әдеп жөніндегі кеңес отырысында мәселе қаралды. Қолданылған шараларға байланысты, ЖАО таза ауысымдылығы штаттық саннан барлығы 27 адамды немесе 2,9% құрады, бұл Агенттіктің Стратегиялық жоспарымен белгіленген (жылдық – 6,3%) жартыжылдық үшін 3,15 % есептік көрсеткішінен аспайды.

«3+3» формуласы бойынша 279 мемлекеттік қызметкерден сынақ мерзімін 104 өтті, қазіргі уақытта 175 өтуде. 124 адам арнайы тексерістен өтуде. Мемлекеттік қызметке алған түскен 173 мемлекеттік қызметкерге тәлімгерлер бекітілген.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын орындау мақсатында а.ж. 2 тоқсанында барлық 280 мемлекеттік қызметкер (100%) жоспар бойынша тағылымдамадан өтті, олардың ішінде ЖАО – 52, ОМО АБ – 228.

1 жыртыжылдықтағы оқыту  (351) бойынша жоспар 133%  (466) орындалды, атап айтқанда ЖАО бойынша - 172% (179), ОМО АБ бойынша - 117%  (287) (біліктілікті арттыру 137%  орындалды, яғни жоспарланған 250 адамнан 342 өтті, бұл жылдық жоспардың 68,5%  құрайды, қайта даярлау 124%  орындалды, жоспарланған 100 адамнан 124 өтті, бұл жылдық жоспардың 62%  құрайды).

Қазіргі уақытта «Е-Қызмет» ИАЖ барлық 69 мемлекеттік органда орнатылған, 58-інде (84%) жүйе штаттық режимде қолданылады, ал қалған 11 мемлекеттік орган бойынша жұмысты шілде айының соңына дейін бітіреміз.

А.ж. Қаржы басқармасының басшысы – Р.М. Досаев ротациялауға жатады, бірақ ол өз қалауы бойынша жұмыстан шықты (2017 ж. 17 мамырдағы №06-07-65 әкімнің қаулысы).

Қазіргі уақытта Астана қ. Ревизиондық комиссия мүшесі тағайындалды, Тұрғын-үй басқармасының басшысы – Р.А. Ахметов  а.ж. 16 қыркүйегінде ротациялауға жатады.

2017 жылғы 27 сәуірдегі алқа нәтижесі бойынша Агенттік Төрағасының тапсырмасын орындауда барлық ЖАО бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау әдістемесі, сонымен қатар  баллдар шкаласы бекітілді. Көшірмелері Агенттікке жолданды.

Мемлекеттік қызметтің жаңа мансаптық моделі сәтті жүзеге асырылуда. Осылайша, есептік кезеңде конкурс жеңімпаздарының жалпы санынан 143 мемлекеттік қызметкер немесе 33%жоғары лауазымға тағайындалды (ЖАО бойынша аталған көрсеткіш 28 % құрады немесе 107 мемлекеттік қызметкердің 30 жоғары лауазымдарға (2016 ж.- 42 немесе 35,6%) тағайындалды, ОМО АБ бойынша меритократия қағидасы бойынша 35 % немесе 322 мемлекеттік қызметкерден 113 ілгеріледі (2016 ж. – 11 немесе 2,9 %).

«100 нақты қадам»Ұлт жоспарының 15-қадамын жүзеге асыруда, аттестаттауға жататын 2622 мемлекеттік қызметкерден 99,9 % немесе 2620 өтті. 2 мемлекеттік қызметкер белгілі себептермен (1-жарамсыздыққа байланысты демалыста, 1- жалақысы сақталмайтын демалыста) өткен жоқ.

Нәтижесі бойынша 199 лауазымын жоғарылатуға ұсынылды, 2382 атқарып жатқан лауазымдарына сәйкес болып табылды, 37 лауазымын төмендетуде ұсынылды және 2 жұмыстан шығарылды.

 

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Департамент қызметінің негізгі басымдылығы болып азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау мен қайта қалпына келтіру болып табылады. Осылайша, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 30%  көп, жеке және заңды тұлғалардан 84 (59) өтініші келіп түсті. Олардың ішінде 5 (20) өтініш бойынша түсініктеме берілді, 25 (15) – жоспардан тыс тексеріс өткізілді, 43 (19) заңнама бұзушылықтары анықталды, олардың ішінде мемлекеттік қызмет саласында – 15(9), Әдеп кодексінде – 28(10), заң бұзушылықтарын жою туралы 15(11) ұсыныс жасалды, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандары – 11(8) мемлекеттік қызметкер (1 қосымша), әкімшілік жауапкершілікке тартылғандары – 4 (0) мемлекеттік қызметші (2 қосымша).

Ең бастысы, 24(3) азаматтың құқықтары қорғалды.

7(0) жоспарланған тексеріс нәтижесі бойынша 73(0) мемлекеттік қызмет саласында заңнама бұзушылығы анықталды, 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша  4(0) ұсыныс заңнама бұзушылығын жою туралы, тәртіптік жауапкершілікке 3(0) мемлекеттік қызметші тартылды.

 

Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы

 

Әдеп жөніндегі кеңестің 4(3) отырысы өткізілді, 38(11) сұрақ қарастырылды, оның ішінде 19(4)- тәртіптік істер (4 қосымша), 7-тәртіптік комиссиялар қызметін қарастыру бойынша, 4-мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарының алдын алу бойынша, 4-сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінесыртқы талдау бойынша, 1-әдеп жөніндегі уәкілетті бойынша, 3- басқа сұрақтар.

38 ұсыныс енгізілді, оның ішінде:

-14 ұсыныс қызметкерлерді жауапкершілікке тарту туралы, оның ішінде 10(3) немесе 71% орындалды: 1- мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық жаса%ғаны үшін, 9- Әдеп кодексін бұзғаны үшін.

-сыбайлас жемқорлықты ескерту формалары мен әдістерін жетілдіру мақсатында 24 ұсыныс әзірленді, оның 23 немесе 95% орындалды (1 ұсыныс кәсіпкерлердің өтініштерін қарастыру кезінде заңнама талаптарын сақтауға ішкі талдау өткізу туралы – орындау сатысында).

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Барлығы, 1 жартыжылдықта 5 617 840 (4 672 150 – 2016 ж. 1 жартыжылдығында) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1 315 256 (915 540) құрады, бұл 2016 жылдық ұқсас кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіштен  30,4 % көп.Көрсетілетін қызметтерді берушілерменжүйелі қарым-қатынастың нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары қорғалды, мысалға: А. Мешітбаеваның, Б. Жангабылованың, А. Утепованың отбасыларықозғалмайтын мүлікке меншік құқығын тіркеген. Әділет департаментінің 3 маманы А.Н. Мукешев, А.Е. Шади, А. Журмухамедов  тәртіптік жауапкершілікке тартылды, және Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында Әділет департаменті басшысының орынбасары А.М. Махаттың тәртіптік жауапкершілігі қарастырылды.

Департаментпен қоғам өкілдерімен бірге «Құпия сатып алушы» әдісімен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді анықтау бойынша апта сайын қоғамдық бақылау өткізіледі. Қазіргі уақытта 6 мемлекеттік орган мен Мамандандырылған ХҚКО бақылауда (Сәулет басқармасы, астана қ. әкімдігі, Қорғаныс департаменті, Тұрғын-үй басқармасы, МКД). Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 19 ұсыныс берілді, 63 % орындалды (пандустарды және т.б. орнату бойынша ұсыныстар орындау сатысында).

17 (8) тексеріс нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласында 5 317 заңнама бұзушылығы анықталды, 56 ұсыныс енгізілді және 12(5) лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 42 заңнама коллизиясы, регламенттерді әзірлеу мерзімдері бойынша 34 бұзушылық анықталды,  олар бойынша мемлекеттік органдарға 40 ұсыныс жолданды.

12 мемлекеттік органда есептік мәліметтерді қайта тексеру өткізілді, 4828 (44) қайшылық анықталды, нәтижелері Агенттікке жолданды.

50 мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттеріне талдау жасалды, қорытындысы бойынша 75 сәйкессіздік анықталды. Аталған сәйкессіздіктер Ведомствоаралық жұмыс тобының және әкімдіктегі Қоғамдық кеңестің отырысында қарастырылды.

Ведомствоаралық жұмыс тобының 3 отырысының қорытындысы бойынша әзірленген 28 ұсыныс толық көлемде орындалғанын атап өту қажет.

Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бойынша 75(15) астам іс-шара өткізілді:

-ХҚКО 33 қоғамдық қабылдау, 979 азаматқа көмек көретілді және құқықтары түсіндірілді;

- бірінші рет аумақтық деңгейде «Е-gov» порталында мемлекеттік органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемкорпорациясының қатысуымен интернет-конференция өткізілді. Онлайн көрсетілім кезінде сайтты 500-ден астам адам тамашалаған, азаматтардың 30 өтініші бойынша жауаптар берілді және қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді;

- мемлекеттік органдарда, ХҚКО-да және астананың еңбек ұжымдарында 19 дәріс (564 адам), 7 дөңгелек үстел (122 адам), 5 семинар-кеңес (137 адам) өткізілді.

- «Нұр Отан» партиясының (комиссия мүшелері ретінде) мемлекеттік қызметтер бойынша партиялық тәлімгерінің сараптық комиссиясымен ықпалдастықтың шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында проблемалық мәселелерді талқылау бойынша 3 отырыс өткізілді.

Астана аумағында 43 мыңнан астам ақпараттық брошюралар таратылды. Әзірленген 2 ақпараттық бейнеролик астананың LED-экрандарында (3), СОСО (3), ХҚКО бөлімшелерінде (10), Мемлекеттік кірістер департаментінде, кеден бекеттерінде (5), қоғамдық көліктерде (150 автобус) көрсетілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша қоғамдық мониторинг өткізуге жергілікті бюджеттен 3 млн теңге бөлінді, ішкі саясат басқармасымен конкурстың рәсімдер өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру шеңберінде Департамент қызметінің өзекті бағыты болып табылады.

Осылайша, сату бағаларын көтеруді бекітуге өткізілген мемлекеттік сатып алу мониторингісінің қорытындысы бойынша 453,9 млн теңге сомасына 5 рәсім тоқтатылды, болдырылмаған бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау сомасы 53,2 млн. теңгені құрады.

Мемлекеттік (6) және квазимемлекеттік секторда (2)жемқорлық тәуекелдеріне 8 сыртқы талдау өткізілді.

Нәтижесі бойынша 183 жемқорлық тәуекелдері анықталды, соның ішінде 21 «жасырын» мемлекеттік қызмет, НҚА-93, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте – 69.

142 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 23 заңнамалар мен кодекстерге, 45 заң актілеріне, 74 ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке. 72 ұсыныс орындалды (52%).

Жемқорлық нәтижелерін сыртқы талдау қорытындысы бойыншаӘдеп жөніндегі кеңес отырысында 9 мемлекеттік органның басшысы тыңдалды, оның 3 тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өткізілген 400-ге жақын (399) іс-шарада қамтылған адам саны 703 мың  немесе астана халқының 70%.

БАҚ –да 1232 жарияланым орналастырылған, соның ішінде интернет-ресурстарда – 1201, баспасөз басылымдарында – 31 («Астана ақшамы», «Вечерняя Астана», «Человек и закон» газеттері).

А.ж. наурызында бастау алған «Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың 153 шығуы ұйымдастырылды, 153 мыңнан астам адамды қамтыған 203 еңбек ұжымдарына барылды, жеке сұрақтар бойынша 87 азамат қабылданды, оның ішінде жазбаша 13 өтініш.

107 баннер орнатылды, 67 мың плакат пен жадынама таратылды,коммуналдық төлем түбіртектерімен бірге 550 мыңнан астам флаер жолданды.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарында (ХҚКО, МКД аудандық басқармаларында, аудандық ІІБ, Астана қ. ІІД) кестеге сәйкес (хабарландырулар «Вечерняя Астана», «Астана Ақшамы» газеттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланды) қызмет көрсететін  мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Департамент бойынша

2017 ж. Департаментке 122,4 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді, оның ішінде 1 жартыжылдыққа 59,2 млн. теңге жоспарланған, 58,3 млн. теңге немесе 98,5% игерілді. Орындалмау себебі – мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу.Жалпы құжатайналымы 7303 құрады, кіріс хаттар – 5501, шығыс – 1802. Есептік кезеңде департамент мекен-жайына орталық аппараттан 150 хат келіп түсті, оның 122 бақылау хаттары. Барлығы 142 өтініш келіп түсті (23 өтініш – заңды тұлғалардан, 119 – жеке тұлғалардан).Департаментпен бұдан былай жүктелген міндеттерді іске асыру бойынша барлық шаралар қолданылатын болады.

 

                                                                                   Басшы

                                                                                   Т.Т. Қаскин

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы