скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 8 маусымдағы  № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 шілдеде № 11692 болып тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттiк қызметшiлерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадрлық резервіне қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім берудің жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2014 жылғы 29 наурыздағы № 04-2-4/56 «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті (Ә.А. Көмекбаев) осы бұйрықтың заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықты орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігінің Төрағасы            Қ. Қожамжаров

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы